Бұл бетте «Шіркін жастық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шіркін жастық!
Мекені құз қырансың,
Түгесілмес, ылғи жаңа жыр-әнсің
Кеудесінде жаны барды аспанға
Алып ұшпай қалмайтұғын ұрансың.
Шіркін жастық!
Ауыр бар ма көтермес,
Дүние күйсе абыржып ес кетер ме еш!
«Аштан өліп, қалыпты кім көшке ермей,
Сырдың суын жүз кешпей ме бекерге еш!»
Шіркін жастық!
Сен мәуелі көктемсің,
Найзағайдай әмірлісің, өктемсің.
Бұл қадірің неге ғана шіркін-ай,
Танылады оралмасқа кеткенсін!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі