Өтіп кеткен өмірі

Бұл бетте «Өтіп кеткен өмірі» атты Жанар Тоқтасынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкейіңді ақша тесті ме!
Бей дəрия дəурен көштіме!
Артыңда қалған ұрпаққа,
Артықтау салмақ естіңбе!

Өмірді сүріпсің өзінше,
Сексенге жасың келгенше!
Дүние жинап оң - солды,
Тараттым дедің өлгенше!

Ұлыма бердім пәленше,
Жиенге бөлдім түгенше,
Қыздарды түгелдей төркіндеп,
Немере өсіп - өнгенше!

Балаңды жаман қып өсектеп,
Келінді туралап кесектеп,
Біздің үй жаққа келуші-ең,
Сүйенер таяқты жетектеп!

Іс - шықса ағайын тума деп,
Əулетке талай жүгірдің,
Бір бата сұрасаң тіл шықпай,
Үндемей ғана бұрылдың!

Бір ауыз сөздің батасын,
Беруге қимай жатырсын!
Батаңды бермесең өзіңе ал!
Бір Алла берер батасын!

Сол дəурен кезің өттіма,
Дүние дүрбелең етті ма!
Төсекте жатырсын ендігі,
Түскендей бейшара - мықтыға!
Ендігі дəурен келгенбе? !
Келін мен бала күшті деп!
Баяғы тума кеткенбе? !
Өлерде келмеңдер кетің деп!

Бауырың жалғыз өмірде,
Оны да жатырсың көрместей,
Жаназа шығатын билетін,
Жіберемін деп өлгенде!

Ақшаңда ауыздан тастамай,
Жинадым өлдім - тердім деп!
Бір ауыз Алланы бастамай,
Жатырсың бəріне көндім деп!

Құдіреті күшті Алладан!
Һайырын берсін береке,
Тек игі тілейміз біз тума,
Періштең болсын қолдаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтіп кеткен өмірі өлеңінің авторы кім?

Жанар Тоқтасынова — осы өлеңнің авторы.

Өтіп кеткен өмірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтіп кеткен өмірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жанар Тоқтасынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтіп кеткен өмірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері