Өлең, жыр, ақындар

Аялаған Астанаға арнаймын

Ғасыр соңы өтерде
Сарыарқада көрген көзді арбайтын,
Еуропа мен Азияны жалғайтын,
Бақыт құсы төбесінде шарлайтын,
Пайда болды жаңа тыныс, жаңа қала, жаңа леп.
Ол қаланың табиғаты өзгелерден болды ерек.
Оралман мен жергілікті тұрғындарды қоса алса толатын,
Әсем қала Қазақстанның Астанасы болатын.

Уақыт жылжып, заман дамып,
Өзгерістер орын алды әлемде.
Биік-биік, таңғаларлық ғимараттар
Пайда болды әр елде.
Норман Фостер сәулетшілік қызметті қолға алып,
Металл, бетон, хамелеон әйнек қолданып,
Күш-жігері болды оның қайрат, ақыл және еңбек
Астанада, Сарыарқада бой көтерді „ Бәйтерек”.

Елім деген әрбір қазақ Эвереске балайтын,
Алып кешен Бәйтеректі биік шың деп санайтын.

Уақыт күтпей өте берді.
Ілесіп ал дегендей
Ойын-сауық кешендері
Тұрғызылды кемелдей.
„Хан-шатыр” мен „Думан” елдің назарында болды анық
Бұл кешендер халық үшін әсем және болды алып.

Білімділік, білгірлік, бәсекеге қабілет –
Тәуелсіздік аңсаған ата-баба арманы.
Жас ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болсын деп,
Орталықта, көзге ұқсас кітапхана орнады.

Ораза, намаз, куәлік беру, пітір, қажылық–
Жаратқан Алла жолдаған бізге бес парыз.
Орындалса бұл парыздар сенің орның бәрі аңсаған пәк жұмақ,
Көзге ілмей кете берсең барар жерің отқа оранған сұм тозақ.
Қонақтар мен туристерге және қала жұртына
Әркез ашық айқара оның есігі,
Жаратқанмен тілдесудің есігі –
Қаладағы Әзірет Сұлтан мешіті.

Әрбір қазақ аңсағаны бейбітшілік, татулық пен келісім
Осы жолда қаншама ұрпақ жанын берді елі үшін.
Хақ төрінде жанып тұрған Алауы бар мәңгілік
„Отан Ана” кешенінің Астанада бой түзеуі заңдылық.

Сол Астанам, міне, менің мақтанышым, маржаным
Төрткүл әлем атын білген, қолдап халық арманын
Астанамның кетті даңқы
Болашақпен жалғанып.
Жүрегімнің жыры– арнау,
Ақ сезімнің самғауы.
Астанама Ақмаралдан бұрын анық өлеңінің бармағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз