Өлең, жыр, ақындар

Біле тұра күннің ертең өлтірерін дарға асып

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 251
Біле тұра күннің ертең өлтірерін дарға асып,
Желдің жалбыр көйлегіне жармасып,
Сонау көктен құйғыта кеп асыға
Сүйіп жатыр қара жерді қар ғашық.
Ертең сені біреу тастар бір төбе ғып күретіп,
Таптаса да табанымен мың етік.
Жанарыңның нұры таймай жалтылдар,
Қызыл күннің қызғанышын үдетіп.
Қалды ма онда сезіміңді сезер сана, сенер ес,
Ақыры анық, опа бермес ерегес.
Күн жоғары, ал жоғарғы қашанда
Төменгіге бас имейді, теңі емес.
Шынымен-ақ құтқарушы табылмай ма тез, демде?!
Арашашы аязың да безген бе?!
Аяушылық, қаяу тұнып ойда, әттең...
Сенің жылап кетеріңді сезгенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйінші

  • 0
  • 0

Сүйінші
Жақсылықтың жылы лебі
сезілгенде арманым
Сағыныш Намазшамова

Толық

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн

  • 0
  • 0

Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн,
Қызыл-жасыл түске бояп арманын
Екеумізді шақырады ертегі -
Сағыныш Намазшамова

Толық

Түгесілмей жүрсін десең татар бақ

  • 0
  • 0

Түгесілмей жүрсін десең татар бақ,
Демалып қайт шетелдерге сапарлап.
Емделіп ал,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар