Есер ғой ол, ерік берме ерінге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге,
Ерінбеген езулейді тегінде.
Ақыл тезбен, асыл сөзбен ұғындыр,
Не жатқанын ойдың алтын кенінде.
Тіл ұшында тұрған уға тосқауыл
Тіс болады, жаратылмас босқа бұл.
Тілге тиек, жерге үйек табылар,
Кемел болса жасамыс та, жас та бір.
Тіл – қасиет, тіл – кемеңгер, киелі ол,
Кие ұрмасын десең сөзге ие бол.
Болашаққа бағыт сілтеп тұрған бұл –
Көнелерден қалған бізге күре жол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есер ғой ол, ерік берме ерінге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері