Арион
Бұл бетте «Арион» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А. С. Пушкиннен аударма
Біз қайықта көп едік;
Желкенді біреулер жекті,
Тереңге сермеп, жөнедік,
Өзгелер есті ескекті
Жетекшіміз данышпан,
Желсізде ұстап рульді,
Үнсіз ауыр қайықты
Алып жүзді ілгері.
Мен де қамсыз сенім мол,
Оларға айттым... өлеңді
Бір кезде шулы көк дауыл,
Толқын теуіп жөнелді...
Батты басшы — жетекші! —
Тек сырлы ақын, жалғыз мен,
Лақтырылдым жағаға
Найзағайдан серпіген,
Мұнажатқа ежелгі
Жырлап, көңілім, айтшы өлең,
Құз жартастың астында
Хұлла тонды малшынған
Күншуаққа кептірем.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі