Тұтқын
Бұл бетте «Тұтқын» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А. С. Пушкиннен аударма
Қараңғы, дымқыл қапаста,
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.
Қайғылы мендей жолдасым,
Қанатын жиып алды да:
Шоқыды қанды қалжасын,
Терезенің алдында.
Шоқиды ойып жемтікті,
Терезеге қадалды.
Ойласқандай менімен
Сарыла салды назарды.
Жер шенеп, көкті көксеген,
Есіркеп қырдың қыраны,
Назарымен шақырып,
Айтқандай болды мынаны:
— Біз еркін құс, күн жетті,
Бұлдырлап бұлтта ұшалық.
Жарысып желмен теңізде,
Асқардың төсін құшалық.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі