Өлең, жыр, ақындар

Көшкі

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 3684
А. С. Пушкиннен аударма

Қар боратып, қараңғы құзға шашырап,
Көпіріп кешкі, тау шулатып, сатырлап,
Дәл үстімде ұшқан қыран саңқылдап,
Күңренеді таудың ағашы.
Толқынды күн қараңғыда жарқылдап
Тұр жоғары тау басы.
Сонау құздан көшкі бірден құлады,
Салдыр-гүлдір салмақпен сайды ұрады.
Үңірейген қос құз арасындағы
Қапшағайды бекітті.
Қар шөгеріп құдіретті бураны
Бөгеді асау Теректі.
Қапелімде құрып қалып, суалып,
Қайран Терек, дауысыңды доғарып,
Артқы толқын ашуымен шіреніп,
Кеттің киіп мұз, қарды.
Қайран Терек, буырқанып, долданып,
Селдеттің сен жағаңды!
Көпке шейін кешкі судан осылып,
Жатты сүлік кеудесі іріп, есіліп.
Асты ызалы Теректен тез тесіліп,
Ақтарыла ақты өзен.
Ақ көбікті шашып, шулап, есіріп,
Жосылды қар мұзбенен.
Көшкі үстінен көсіліп кең жол жатты,
Тартынып өгіз, тағыдағы ат шапты,
Жетектеді түйесін де тоғанақты
Кең даланың көпесі.
Сол далада Эол ойнақты
Салады кектің еркесі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Шоқпарға»

  • 0
  • 0

Талай жылғы тандыр тау,
Талайғы кәрі байғұс - ау,
Мәзбісің тек жатқанға?
Тұншықтырып мұздарың,

Толық

Үмітке

  • 0
  • 3

Үмітім-ау, Үмітім,
Сағындым - ау күні - түн.
Кім қолында отырсың?
Көзімдегі жанарсың,

Толық

Аттанған азамат

  • 0
  • 0

Бозарып атты жазғы таң,
Қозғалып өрді жанды жан,
Қызарып шықты отты күн.
Баласы жамап тұрманын,

Толық

Қарап көріңіз