Цыгандар

Бұл бетте «Цыгандар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 4966
А. С. Пушкиннен аударма

Орманды өзен бойындағы
Қоңыр кешкі бір іңір.
Жарық лаулап от жанады,
Шатырда шу, өлең-жыр.
Есенсіз бе, бақытты ұрпақ!
Мен танысқам отыңмен.
Егер болса өзге бір уақ
Кетер ме бұл шатырмен.
Ертеңгі таң сәулесімен
Кетер еркін шатырың.
Сіз кетерсіз — бірақ сізбен
Кетпейді бұл ақының.
Тентіреу, түнеу, қаңғу кешін,
Есерлігін ескінің,
Ұмытты, ойлап үйдің тыншын,
Деревняның дәстүрін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Цыгандар өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Цыгандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Цыгандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Цыгандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері