Үш бұлақ
Бұл бетте «Үш бұлақ» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А. С. Пушкиннен аударма
Дүниенің шетсіз, шерлі даласынан
Үш бұлақ ағып жатыр Сыр жағынан.
Жастықтың бұлағы — асау, сылдыр қағып,
Мөлдіреп, ағып, қайнап, тез тасыған.
Бұлағы ақындықтың бұлаң қағып,
Толғаудың толқынымен жатыр ағып,
Дүниенін даласынан қуылғандар
Осыдан мейірі қанып, сусындасар.
Соңғысы — мәңгі-бақи суық суы —
Тәттірек бұлақтардың бәрінен де,
Бәрінен жүрек отын тәтті басар.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі