Ақын

Бұл бетте «Ақын» атты Ілияс Жансүгіров жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.07.2018
  • 0
  • 0
  • 6949
А. С. Пушкиннен аударма

Әулие құрмандыққа Аполлонға
Әзірге ақын керек болмағанда,
Қанымда әуре-сарсаң дүниенің
Ол жүрер байқалмастан батып шаңға,
Ардақты ақындықтың жағы тынар,
Жаны салқын ұйқыны азық қылар.
Заманның құнарсыз көп ұлы ішінде
Бәрінен құнарсызы осы шығар.
Күн туып сақ құлаққа үн шалатын,
Бір кезде естіп қалса алла аятын.
Сілкініп, ұйқысынан сергіп қыран,
Аспанға ақын қағар жан қанатын.
Дүние ойнап-күлсе, ол мұңайып,
Жатырқап жұрт сөзінен шетке тайып,
Халықтың сәждә қылған құбласына
Имейді ол менмен басын ерге лайық.
Ақындығы алып қашып, алас ұрад
Толқынды құла түздің жағасына,
Қашар ол жат мінезді, жабайы боп,
У-шулы орманның ну ағашына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері