Кинода
Бұл бетте «Кинода» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Лыпылдап жүрді жүрек экранда,
Көрсетіп бар мәзірін көрген жанға,
Қолымды қолтығыңа қыса отырып,
Қызықтап экранға көз салғанда.
Машина зыр-зыр қағып жүріп кетті,
Міне, шыға шапты бірнеше атты.
Әнеки, есік ашып бір қыз кірді,
Әне-анау соқты тасқа толқып қапы.
Мінеки, терек тербеп дауыл соқты,
Әне бұлт, мынау жылқы, — жауынға ықты.
Осындай ұйқы-тұйқы сұлу сурет,
Сезбедім бірде-бірін не боп шықты?
Әуре еді ойым, көңілім бір сенімен,
Суреттің болмады ісім жүргенімен,
Суретің жүрегімде жатты жүріп,
Күш алып қолымдағы білегіңнен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі