Балалық шақ балдай тәтті – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Балалық шақ балдай тәтті» атты Гулназ Кабулова жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.07.2018
  • 0
  • 1
  • 9874
Балалық шақ балдай тәтті,
Өлең айтып таңдай қақтық.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Орта белге жеттік нақты.
Жылдар өтіп, өсіп жеттік,
Болды қызық сәттер көпті.
Ұл, қыздар боп достасып біз,
Асық ойнап, арқан тарттық.
Балалық шақ балдай тәтті,
Ұмытпаймыз өткен шақты.
Алаңдамай еш нәрсеге,
Балалықпен жүрдік шалқып,
Амал қанша өмір солай,
Балалық шақ кетті шалғай.
Болашаққа жол салайық,
Қадам басып алға қарай.
Кім болсаң да мейлі маған,
Жатырқамай жақын болам.
Бір анадан туылғандай,
Шын ниетпен туыс болам.


Пікірлер (1)

Alina

маған негізі қысқа жұмбақ немесе тақпақ сияқты керек еді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық шақ балдай тәтті өлеңінің авторы кім?

Гулназ Кабулова — осы өлеңнің авторы.

Балалық шақ балдай тәтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық шақ балдай тәтті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық шақ балдай тәтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері