Өлең, жыр, ақындар

Киров

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1530
Байтақ дала, асқар тау,
Сен тілсіз күш, сен мылқау.
ЬІзыңдама асау жел,
Ұйқыда емен мен ояу.
Ызыңыңа қосылып,
Ойымда жоқ жыр жырлау.
Мұң тартқанда музыка,
Саған жөн ғой баяулау.
Аза күйін сен де тарт,
Екі шекті домбыра - ау,
Сұрасам жұрттан «өлді» дейт...
Көңілі бос, көз жылау...
— Естімеймін, айтпақшы!
Өлді деу Киров сыбырлау...
Не дейсіңдер, қай жерде,
Құлапты қалай асқар тау?
Атыпты оны деймісің?
Николаев дейтін жау.
Сүйікті басшы, сезімді ұл,
Жүр емес пе еді кеше сау?
Батпасын қалай етіме?
Іс үстінде шығындау
Жылатпасын қалайша?
Ақылды басшы оққа ұшу,
Жүректен қаны сорғалау.
Қайғы мен кек аралас,
Біресе денем суынып,
Құшырланам, қымтанам,
Етек, жеңді түрініп,
Ыза керней бойымды,
Екіленем күйініп.
Қынапқа қолды апарам,
Алқымға ашу тығылып.
Сілтегендей жауыма,
Қылышымды суырып,
Аяғымды нық басам,
Кетпейін деп сүрініп.
Шықыр-шықыр азуым,
Тас түюлі жұдырық,
Қорғаймын ұлы Отанды,
Белімді бекем буынып.
Тасады кекті ыстық қан,
Тамырды бойлап жүгіріп,
Қарсы алдымда жау тұрса,
Бүрер деймін түйіліп,
Ақылды басшы, сүйікті ұл,
Тарихта орның бөлек жам,
Жатырсың табыт ішінде,
Тас болып көзің жұмылған.
Тамырың соқпай тоқталып,
Қаның қатқан суынған.
Денеңді қоршап қош дейді,
Қайғырып шексіз сан адам.
Қағазға жазып ісіңді.
Мен де еліме жыр қылам.
Іскер басшы, қайратты ұл,
Көсемнің бірі сен қыран,
Өшпестей талай миллионның,
Жүрегінде орнаған.
«Істейміз — дейді қайратпен
Серт еткенде ел саған.
Біз жеңеміз, жеңеміз,
Деп тұр елің самсаған.
Қош, аяулы ұл, қош, Киров!
Кеттің біздің арадан.
Бетіңнен сүйіп аймалап''
Тыныштан, ұлым, тыныштан.
— Дегендей боп — уһілдеп,
Жел де соғар даладан.
Ұмытылмас атың ісіңе,
Берілген орын санадан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі дос

  • 0
  • 1

Көркем кеш Алматының қаласында,
(Нелер сұлу өмірдің бәрі осында)
Кездесті ойда жоқта бір екі дос,
Сапырылысқан халықтың арасында...

Толық

Қалқаман

  • 0
  • 0

Сен қойшы едің,
Қайғымен зарланатын.
Дертің жүрек,
Кісенді ұл,

Толық

Жабыға берме, жан сәулем

  • 0
  • 1

Жабыға берме, жан сәулем,
Жарқылда гауһар тасындай,
Қамыққанмен қайтпаспын,
Қанды майдан басылмай.

Толық

Қарап көріңіз