Саған, ана! – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Саған, ана!» атты Жұмағали Саин жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2549
Күн құшақты, көрікті,
Октябрім — сен анам.
Бесіктен ұшқан балапан,
Жұлдызың, жаның, — балаң.
Айбының асқар алыптай,
Беріксің, ана, сенде күш.
Баурайында гүлденіп,
Өскен елі, көп жеміс.
Жұлдыздан жиі жарқырап
Күн сәулесі электр.
Бөлеулі елің нұрыңда,
Әлдиле, ана жарық қыл?!
Сәулеңде күндей жарқылдап,
Ойнайын күміс шабақтай,
Ай сұқтансын аспанда,
Албырап алтын табақтай.
Бақыттың асқар шыңында
Сен тудырған қыз бен ұл,
Сүй, құшақта, шөпілдет,
Күл, анашым, жарық қыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған, ана! өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Саған, ана! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған, ана! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Саған, ана! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері