Түнде – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Түнде» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2433
Жауқазын жасау жер-ана,
Гүлденіп жұпар жағынып,
Үкілі жібек, бай мәнер,
Алқасын алға тағынып.
Тұрған кез еді қымбатты,
Жер мәуесі салбырап.
Аспан ашық айнадай,
Алтын айы албырап.
Жантайып жаттым мен келіп,
Даланың мамық гүліне,
Сәулесі күндей көрікті,
Электрдің түбіне.
Жерде электр, аспанда ай,
Жарқырап маған төкті нұр,
Шаттыққа жаным шыдамай,
Шалқып бір сонда жаздым жыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнде өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері