Түнде
Бұл бетте «Түнде» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауқазын жасау жер-ана,
Гүлденіп жұпар жағынып,
Үкілі жібек, бай мәнер,
Алқасын алға тағынып.
Тұрған кез еді қымбатты,
Жер мәуесі салбырап.
Аспан ашық айнадай,
Алтын айы албырап.
Жантайып жаттым мен келіп,
Даланың мамық гүліне,
Сәулесі күндей көрікті,
Электрдің түбіне.
Жерде электр, аспанда ай,
Жарқырап маған төкті нұр,
Шаттыққа жаным шыдамай,
Шалқып бір сонда жаздым жыр.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі