Кім болам – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Кім болам» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 7182
Мен ер болам, ер болам,
Ермен ертең тең болам.
Айбыным желдей есілген,
Уытты болам, ер болам.
Мен кішкентай балғын жас,
Алтын таңмен ар ал ас,
Мектепке қадам басамын,
Оқуда алда, істе алда,
Үлгімін барлық ұланға,
Тасамын судай, тасамын.
Ертең, ертең ер жетем,
Ер боламын, күн болам.
Жарқыраған, жайнаған,
Күн нұрымен бір болам.
Елді, Отанды қорғайтын
Қызыл ермен тең болам.
Техниканы меңгерем,
Машинаны бер маған!
Деймін өсіп толғансын,
Стаханов мен болам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім болам өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Кім болам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім болам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім болам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері