Бұл бетте «Ей, кешегі жетім бала» атты Жұмағали Саин жазған бала туралы өлең берілген.
18.07.2018
0
0
3841
Ей, бала құс, ей, жас түлек!
Құрыш дене, болат білек!
Сен заманда ерке бұлан,
Өмір әсем күнше күлет.
Сен ақ үрпек балапансың,
Жас буынсың, балғын тәнсің,
Өткен күнде үнсіз жетім,
Қайғы тартып жылағансың.
Сені өсірген партия - ана
Арнап жырды соған ғана,
Ағыт кілтін ақындықтың
Ей, кешегі жетім бала!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі