Өмір қызық, тұрмыс шат – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Өмір қызық, тұрмыс шат» атты Жұмағали Саин жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1921
Мен балапан, анам менің,
Анам менің Октябрь,
Бүгін міне далам менің,
Ду мереке, ойын, жыр.
Сол думанның арасында,
Мен ұлымын салған ән.
Маған қызық бүгінгі өмір,
Маған қызық заманам.
Маған қымбат анамнан да
Ұлы Ленин деген ат.
Ойнақ салам панасында,
Тұрмыс гүлі, өмір шат.
Он бесінен туған айдай,
Толам күнде түрленем.
Көлде жүзген аққудайын,
Құлпырамын гүлденем.
Маған қымбат бар дүниеде,
Ұлы Ленин деген ат.
Мен баласы большевиктің,
Өмір қызық, тұрмыс шат.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері