Ұмытпаймын – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Ұмытпаймын» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2624
Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.
Сонда ғана құл менен күң
Қол ұстасып билеген би.
Сонда ғана бақыт деген
Отымда тартылған күй.
Ұмытпаймын бақыт үшін
Зор майданда төгілген қан.
Ұмытпаймын қан кешумен
Күн күлімдеп атқанын таң.
Ұмытпаймын орыс жұртын
Бауырымды — майдан ері.
Неге ұмытсын дос жүрегін —
Неге ұмытсын қазақ елі.
Ұмытпаймын майдан күнін
Қиын кешу, тар қамалды,
Ұмытпаймын ел көсемін
Ұлы Ленин данышпанды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытпаймын өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Ұмытпаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытпаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытпаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері