Бала
Бұл бетте «Бала» атты Жұмағали Саин жазған бала туралы өлең берілген.
Адамға бала сүю бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.
Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.
Баланың жат тілі мен қызық даусы,
Естілер ақ күмістей сылдырлаған.
Адамның тек баладан бөлек жаны,
Болмаса бала күні — таң шолпаны.
Ақ маңдай, торсық шеке бал бөбекті!
Бір сүйсе басылмай ма шаршағаны.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі