Өзгеден ерек шын адам – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Өзгеден ерек шын адам» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2613
Ақиқат ерге ар қымбат
Андыздап өрген малдан да,
Ақ елім болар мінәжат
Аһ ұрып шығар жаннан да.
Жаутаң жоқ, көзде жалын бар,
Жанары күндей жайнаған.
Жарқырап туған жұлдызды
Жақсы деп айтпас қай надан?
Қасірет қумас қайғы жеп,
Қаралы күйден зар тартса.
Қаңқу етпес «менмін» деп,
Қан кешіп ауыр түн қатса.
Өтірік күлкі, жалған сөз
Өмірде сайқал жанға тән.
Өзгермес ойшыл бір мінез —
Өзгеден ерек шын адам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері