Алты сөз
Бұл бетте «Алты сөз» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мағынасы жоқ» кейбір сөздің.
Қара тастай зілі бар,
Көзге ілінбес кейбір жанның
Таң-тамаша сыры бар.
Адам нанбас өтіріктің
Әлденендей шыны бар,
«Алпыс құлаш» нар кескеннің
Алты қарыс қыны бар.
Ерге біткен ет жүректің
Алуан - асыр түрі бар,
Томсырайған тас түнектің
Бір жарқ етер күні бар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі