Қанжар – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Қанжар» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1368
Өткір жүзі тұңғиық сырға батқан,
Батыр қолда қан кешіп кекке шапқан,
Арсыз ажал тәңірісі ақ қанжарды
Тұрды солдат көтеріп жерде жатқан.
Күміс сабын, сағасын саспай қарап,
Екі жүзін қиялай бір сығалап,
Сілтесі жаңылар ма екенсің деп
Маңындағы ағашқа көрді қадап...
Содан кейін солдаттың күшті қол
Сарт еткізіп қынапқа сұқты оны.
Ерлік, ажал ойқастап, көз алдында,
Елестеді қауіпті жорық жолы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері