Ұрыстан кейін – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Ұрыстан кейін» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1952
Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрыстан кейін өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Ұрыстан кейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрыстан кейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрыстан кейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері