Бұл бетте «Ұрыстан кейін» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі