Өлең, жыр, ақындар

А.С.Пушкин

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2785
Отты жүрек,
Өткір сөз, ақыл кені,
Сен өмірдің
Тереңнен ұқтың тілін.
Арман етіп
Халықтың келешегін,
Жырға қостың
Тербедің елдің сырын.
Жеттің бізге
Нажағай жарқылыңдай,
Бұлтты күндер
Көгінде ойран салған!
Жеттің тотсыз.
Өмірдің алтынында,
Жеттің бақыт күніне
Еткен арман.
Жеттің өткір қылыштай
Тот баспаған —
Тар қыспағын заманның
Кесіп өтіп,
Алпыстағы колхозшы
Қазақ маған
Баппен салар жырынды
Өлеңдетіп.
Ғасырларды
Жырыңмен басып өтіп.
Бізбен бірге
Аттандық болашаққа.
Жүрдік
Бейбіт мезгілде өлеңдетіп,
Қан майданда —
Қарулы тұрдың сапта.
Өзін айтқан барлық ел —
Барлық тілде,
Айтты ардақты атынды
Өз ұлыңдай.
Тірі адамдай
Сен жүрсің бізбен бірге,
Сөнбес жарық
Көктегі жұлдызымдай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дария

  • 0
  • 0

Мынау дала керілген,
Кербез сұлу шын тасты,
Көркейе түсті күлді күн,
Жер түрленді, гүл шашты.

Толық

Бұлбұл

  • 0
  • 0

Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.

Толық

Біз еркесі өмірдің

  • 0
  • 0

Сәлем сізге, сәлем сізге,
Ұлы съезд астанам.
Мен балаңмын еркін өскен
Шаттық әнін шырқаған.

Толық

Қарап көріңіз