Май күйі – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Май күйі» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2096
Кең далаға қараңдаршы, балалар!
Ағаш көктеп, Май да бізге келіпті,
Алатаудан басқа жерде қалмай қар,
Жаз өмірден мықтап орын теуіп.
Көктен нұрын күн тамылжып себеді,
Дүниені махаббатпен құшқандай
Майдың айын сүйе бергің келеді,
Көңіл күйің көктен әрмен ұшқандай,
Табиғат та жадырап бір қарады,
Ардақты адам дүниесіне сән беріп.
Сай-саладан су сылдырап ағады
Сұлу жердің тамырына қан беріп.
Біздің совет даласында нұр жайнап
Батыр еңбек нақышына бөленген.
Бейбітшілік аспанында құс сайрап,
Бір адамның көсегесі көгерген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері