Қараш бойында
Бұл бетте «Қараш бойында» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қараштың бойы...
Түн мөлдір.
Бар ма еді жұлдыз?
Жоқ па еді?
Маздаған жалын...
Ойда тұр.
Жүректе ме еді?
От па еді?
Ұмыттым ұзақ жылдардың
Артында қалды көміліп.
Тек қана маздап жанған от
Әлі тұр көзге көрініп.
Әлі тұр Қараш бойында,
Әлі тұр менің ойымда,
Құлақта салған әнің тұр,
Жүректе жанған жалын тұр.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі