Комсомолға – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Комсомолға» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1894
Лениншіл комсомол!
Қатарында болдым мен де жалынды,
Бесжылдықтар белестерін бірге астым,
Құрдым завод, бөгестім зор ағынды,
Бар майданда бірге аттадым, бір бастым,
Сенен алдым үлгілерін еңбектің
Бөгеттерді қиратуды күреспен
Үйреттің сен, қиыр шетке мен кеттім,
Шахтада ауыр, жүрдім иін тірескен.
Қаздым жерді, кен қыртысын копардым,
Екпінді боп топтың алдын бермедім,
Арман еттім көркеюін Отанның,
Құлашымды шығандарға сермедім.
Лениншіл комсомол!
Ленинге сен еліктедің, оқыдың,
Ұлым деп атадың да өзіңді,
Сөзін, ісін жүрегімде тоқыдым,
Сол бір атпен бөледім бар сезімді.
Жастар жанын Ленин аты қыздырды
Күн нұрыңдай қуатымен, жазымен,
Құмайттарға септік сұлу біз гүлді,
Шырқадық ән жаңа өмірдің сазымен.
Күреспенен, еңбекпенен өстің сен,
Ленин ұлы — комсомолым, батырым.
Қырық жасыңды құттықтайды өлеңмен
Өз ұяңнан ұшқан бір кез ақының.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Комсомолға өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Комсомолға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Комсомолға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Комсомолға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері