Өткен жазда – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Өткен жазда» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1557
Өткен жазда. қыз шахтермен танысты,
Сүйді қатты, шығарып сап, қыз қалды,
Сүйген жарын барлық жұрттан қызғанды,
Қимаса да кете алмады, ермеді.
Ақыл жеңді, жүрекке ерік бермеді.
Поезд кетті...
Арттан ұзақ қарады,
Алқынғандай тым жиі дем алады. ,
Қалшы, қал деп шақырғысы келеді,
Жаны өртте, жаспенен су себеді.
Жүрегімен доңғалақтар дүрсілі,
Бірге қақты, бір жүрісі, бір сыры.
Жүйрік сезім паровозбен жарысты,
Қыз бишара махаббатпен алысты..,
Кешікпеді қыз оқуға оралды,
Ұмыттырды сағынышты, азды-көп,
Бірақ жалын жүрегінде сөнген жоқ.
Жазды бұлар: бақыт санап, күн санап,
Хаттар ұшты жерменен де, көкпенен,
Сыр қалмады жүректерде текпеген,
Ол да жазды, бұл да жазды күн санап,
Кей мезгілдер ұйықтамады түн санап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен жазда өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Өткен жазда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен жазда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен жазда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері