Бұл бетте «Жаман пейіл» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ.
Бұрыннан келе жатқан жаман әдет, -
Қарны ашқан қаралы үйге қарай қашпақ.
Не болар жеген тамақ арын сатып,
Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!
"Бір тойған - шала байлық," - деген қазақ
Қызығып тойғандыққа қалар жатып.
Бұрынғылар:"Балалы үй-базар," - деген,
Жарасар сондай үйде ішкен-жеген.
Баласы жоқ думан ғып отыратын, -
Үйдің атын бүл бір "қу мазар" деген.
Осы күнде дағдарып, бұл жұрт сасқан,
Кез болып бір пейілге асқан-тасқан.
Тарының қауызындай болмай қалды,
Астың - жер, болғанменен үстің аспан!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі