Малсыз дала
Бұл бетте «Малсыз дала» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Кең дала, қалдың адыра көркің кетіп,
Жұрт қалып мал жаюдан өрістетіп.
Әр сайда қора менен мола қапты,
Иесіз тау, елсіз қыстау, - барсаң жетіп.
Қой - Үркер жұлдыз болды, тұрса абайлап
Сиыр жүр Таразыдай шанжағайлап.
Түйе жүр жалғыз-жарым некен саяқ,
Мал қайда жаюыңа топтап айдап.
Жылқы жоқ бұрынғыдай қостап шығар,
Күн қайда жонға барып қыстап шығар?!
Бұл түрімен төмендеп кете берсе,
Әркім-ақ өзінікін ұстап шығар!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі