Нанайын ба?! – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Бұл бетте «Нанайын ба?!» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5399
Қараңғы түннің жарық таңы атар ма?!
Күннің қызу сәулесі оятар ма?!
Біз бұған шүкірлік қып қуанамыз,
Залымдар түн бүркенген ұнатар ма?!
Басылған Құдіреттен мор таңдайымда,
Бармысың бармақтай бақ маңдайымда?!
"Таң атты, күн шықты!" - деп жұрт шулайды,
Япырм-ау, нанайын ба, нанбайын ба?!
Нанайын, мен нанайын, демей жалған,
Жалған маған қамшылап дүре салған.
"Мехнат түбі - рақат"- деп, бұрынғы айтқан,
Сол сөз жастан көңіліме ұйып қалған.
Ел бейбіт, туа алмадым, жұрт аманда,
Көңілі - тар, көзі соқыр - сұм заманда.
Тұйғындар торғай құрлы құны жоқтан,
Қор болды-ау уқаланып құр табанда!
Алынса бақ ашылып, аяқтан тор,
Дерсіңдер: "Түспей қолға аспанда тұр!"
Заман оңға айналып, ашса бетін,
Әркім болмақ саятшы Жалайыр шор!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері