Өлең, жыр, ақындар

Өлім алдындағы хал

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5415
Қаламды, жазайын деп, алдым қолға,
Қатесі болса сөздің, Құдайым оңда!
Азырақ адам халін мен сөйлейін,
Жамағат, шала тыңдап, ғапіл қалма!'
Адамнан жан шыққан соң кетеді хал,
Білмейтін наданларың тыңдамаңдар!
Адам халін бір азырақ мен сөйлейін,
Жамағат, шуылдамай, құлағың сал!
Кітапқа жақсы болсаң, сіздер жуық,
Мұқтасар, мұжмұмақпар кітап сыйғызып.
Анадан тудық-тағы, болдық адам.
Әуелде біздер едік пәрмені су[ық].
Тоғыз айда анадан бала туған,
Жақсы болса [жалал бала] атаның жолын қуған
Анадан туғаннан соң болдық адам,
Қан ішінде ұйысқан шырын судан.
Білмейді кәміл адам ерте-кешін,
Жақсылар жамандардың қамын жесін!
Дүниеге болып адам туғаннан соң,
Көреді азды-көпті несібесін.
Біреу бай болады, біреу жарлы,
Біреу жарлы болады, біреу басқа зарлы.
[Қанша] жарлы, міскін, жынды болса-дағы,
Құдайдан өлшеп берген несіп бар-ды!
Өзі қақса, Құдайым, тіпті кемімес,
Неше түрлі буманың бірін шешпес!
Залал келтірсе, Құданың бұйрығына,
Сондай бұзылған жанның тілегін бермес!
Жігітлер, мына сөзге құлағың сал,
Қалады арттарыңда жинаған мал!
Сөйлейін білгенімше әрбір кепті,
Сөзінің болса, сөзімді есітіп қал!
Кей адам бай болса да, бейнет көрер,
Кей адам жарлы болып, рақат көрер.
Кей адам үндемейді топ ішінде,
Сөз[і] пұлсыз болса да, сөйлеп жүрер.
Біреу өтер дүние малын айдай алмай,
Біреу өтер тәтті тағам шайнай алмай!
Біреу жүр уағдасынан мықтап ұстап,
Біреу жүр ешбір сөзін байлай алмай!
Бұл сөзден пайда болмас кей наданға,
Айтсам, сөзім қор болар кей жаманға!
Тірілікте ақыретті ұқпай тұрып,
Байлық, жарлық білінбес еш адамға!
[Кей адам] дүниені қуып жүрер,
Кей адам жамандыққа жуық жүрер.
[Кей адам], дүниені тастай беріп,
Тағат пен ғибадатқа жуық жүрер.
[Дін жол]ын қайтер еді қойса қумай,
Не керек Мұхаммедтің жолын қумай?!
[Кей] адам дүниеге көңіл беріп,
Ac ішер беті-қолын сумен жумай!
Сонда да құдіретсіз жұрттан аспас,
Айтса да, шариғатқа, әр кез баспас!
Кей адам ақыретке көңіл беріп,
Таһаратсыз жерлерді титтей баспас!
Нанбайды кей надандар көзі көрмей,
Малынан қайыр менен зекет бермей!
Дүниені мехнатланып жиса-дағы,
Артынан, өлсе қалар, біреу ермей!
Қумастық дүниені қуып кетер:
"Жұрт алдына шығам!"- деп, үміт етер.
Жүргенде әуреленіп дүниемен,
Бір күні ажал шіркін қуып жетер!
Ажал жетсе бір күнде, қалай болар,
Сөйлейін бір азырақ сонан хабар.
Жараңдар, тіршілікте ғибадат қыл,
Өлгенде пендесіне қысастар бар!
Ажал келсе, пенделер, бір күнде өлер,
Алланың тағдырына пенде көнер!
Ажал - уақыт пендеге таянғанда,
Сол жанға ғазірейіл жетіп келер.
[Ажал] келіп, пендеге қонар дейді,
Қызыл жүзлі жүздері солар дейді.
Алладан ажал - тағдыр жетіп келсе,
Қасыңда үш періште тұрар дейді.
Бірі кепіл дем алыс, аманына,
Бірі кепіл ырзық пенен тамағына.
Және тағы біреуі кепіл дейді
Дүниеде жақсы - жаман амалына.
Дем алыс бір күн бітіп қалар дейді,
Бір періште жауап сенен алар дейді.
- Бұ пенденің бітті,- деп- дем алысы,
Ғазірейілге баян ғып барар - дейді.
ЬІрзығы таусылады сол мезгілде,
Оған тағам болмайды тамам елде.
Бұл пенденің бітті,- деп,-ырзығы!
О-дағы жауап берер ғазірейілге.
Тағы да таусылады ғамалдары,
Аз ғана ойнап-күлген замандары.
- Ғамалы бұ пенденің таусылды!- деп,
Барады ғазірейілге хабарлары.
Ғамалы ізгі болса, қызық болар,
Бұ дүниеде көңілі озық болар.
Ол адамның есімінің айналасы
Ақ нұрдан жазылған сызық болар.
Жамандық болса, қосы бұзық болар,
Тозақтың отларына шыжық болар!
Ол адамның есімінің айналасы,
Қарадан жазылған сызық болар!
Ей, жігіттер, бұл сөзге құлағың сал,
Үгіт айтқан сөздерден ғибрат ал!
Кітаптың айтуынша, ай, жараңдар,
Ғарыштың тап астында бір ағаш бар!
Ағаштың жапырағы толып жатқан,
Аллаға баршалары таспих айтқан.
Әр жапырақта пенденің аты бар-ды,
Ажал жетсе, жапырағы түсіп қалған!
(Аяғы жоқ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркістан сапары

  • 0
  • 0

Шығып ек кешегі айда елімізден,
Мекен - жай, қоныс қылған жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиарат қып,
Қол жайып бата алғалы пірімізден.

Толық

Толқын

  • 0
  • 0

Пәленің басы - хазірет мешіт баққан
Ораза, намазшылар оған жаққан.
Заман түрін танымай әуреленген,
Мерт болар арыстандай Айға шапқан.

Толық

Тәтиді жоқтау

  • 1
  • 0

Қара бір таудың жылғасы,
Халқының бағлан құлжасы,
Сүйіндіктің ағасы,
Алтыннан салған сырғасы,

Толық

Қарап көріңіз