Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 4
  • 34775
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,
(Сонау бір соғыс жылы естіген ем)
Әредік, елдеқалай есіме алсам,
Қос басы, қою қара кешті көрем.
Шар тастар, шалғынды сай «Қарағайлы»,
Шулы өзен шомылдырған шағала - Айды.
Жөтеліп бұлттар көшіп өтетұғын,
Жетектеп жетегінде қара қайғы.
Жел тынған, жапырақ та сілкінбеген,
Тауға кеп түн ұйитын кілкілдеген.
Әр жүректі сол бір ән мазалайтын,
Әр көмейде сол бір ән бүлкілдеген.
Қос басында қауымның бәрісі де,
Қосылатын жасы да, кәрісі де,
Сіңір тірсек біздер де шырқаушы едік,
Түсінбестен сол әннің мәнісіне.
Күндізгі зор бейнеттің түні келіп,
Әр кеш сайын ән тыңдап жүріп едік.
Көз ұйқыға кеткенше сол бір әннен
Сай-сала тұратұғын күңіреніп.
Жүректің шыдырауында қоздайтұғын,
Шыбыны бар кеудені қозғайтұғын.
Қауым айтқан сол әнді естігенде,
Боталы інген борықта боздайтұғын.
Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,
(Сонау бір соғыс жылы естіген ем).
Сол бір ән көмейіме кептелгенде,
Өмір дейтін керуен, көшті көрем.


Пікірлер (4)

Ақбаян

Мұқағалидің өлеңдері.

Динара

мукагали макатаев

Нұрислам

Мұқағали Мақатаевтың «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген» — шынайы естелік пен поэзияның ұлы мәнін көрсететін әсерлі өлең! Бұл шығармада ақын соғыс жылдары естіген бір ерекше әнді еске алып, сол бір саз бен күйдің жүрекке қалай терең сіңгенін бейнелейді. Таулар, шалғындар мен өзен‑тоғайлар — бәрі сол жырдың сырлы сыбдырымен үндеседі, ал өлеңнің поэтикалық тілінде сол кездегі ауыр күндер мен көпшіліктің ортақ сезімі айқын көрінеді.

Мұндай өлеңдер — қазақ поэзиясының ұлттық рухын, тарих пен адам тағдырын поэтикалық тұрғыдан жеткізу қабілетін танытады. Өлеңдегі «Бір ән бар…» деген қайталанатын жолдар әр оқырманға кез келген дәуірде туындайтын қимас сәттер мен жүрек толқыстарын еске түсіреді.

Осы секілді мәні терең өлеңдер мен пікірлерді бөлісу — қазақ әдебиетінің байлығын интернетте кеңінен танытуға, қазақша поэзияны жақсы көретін жаңа оқырманды тартуға үлкен үлес қосады!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері