Бұл бетте «Жігіт назы» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жастықтың заманы өтті жалдайтұғын,
Өмірдің уақыты жетті алдайтұғын.
Көз салып, көңіл қалап (қалып), тауды алып,
Баяғы күй[ің] бар ма таңдайтұғын?!
Қолға алып, жүрек (иүрек) танып, өрнек салып,
Бишіктен сегіз өрім талдайтұғын.
Дәм танып, ғашығың жанып сүйіп,
Сағызды шелегімен балдайтұғын!
Жоғалып бізден қалып, қайда барып,
Ұзақ түн әзіл-ойын қанбайтұғын!
Су шалып, өшіп қалып, бықсып жанып,
Бір отқа душар болдық жанбайтұғын!
Тұрса-шы буынға (бойға) ырғалып, қолын салып,
Қандай жан ақыл-естен танбайтұғын?!
Бұл қалыптан құр қалып, назаланып,
Күншілдер, жамандар (иамандар) көп шамдайтұғын!
Бойды көріп, көре алмай, шәу-шәу үріп,
Қаншық иттей түн бойы талмайтұғын!
Ежелден құны бардай өшіп-өліп,
Артыңнан сонша несі қалмайтұғын?!
Күн батар кешке таман таудан асып,
Шапақтан қызыл алтын нұры тасып.
Ақшамның қараңғылық мезгілінде
Қосылар екі ғашық асып-сасып.
Күн батар кешке таман мұнарланып,
Ойнайды екі ғашық құмарланып.
Ақ үйдің оң жағында жатар ма еді
Бүркіттей түлкі алған жұмарланып?!
Боз үйден күйеу шығар қадам басып,
Алдынан қалыңдығы есік ашып:
"Келгенше енді айналып, кім бар, кім жоқ,
Қалқатай, тілінді бер, аузыңды ашып!"
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі