Ғашық жігіт сөзі
Өтіпті Хасен бірлан ол Хұсайын,
Сайраған бұлбұл құсқа мен ұқсайын(ұсайын).
Құлақ сал, ау, жамағат, кеңесіме,
Азырақ өлең шырқап, ән қосайын.
Ағалар, білгенімді аянбайын,
Өлеңге желіп, жортып аяңдайын.
Сағынған ғашық жарын (иарын) бір кәріптің (ғарыбтың)
Өлеңін бес-алты ауыз баяндайын.
Аяттан сөз қозғадым ақындықпен,
Барады-ау өтіп күнім ғапілдікпен (ғапылдықпен)!
Оңайлап киын сөзді қаламменен.
Қапалы кәріп басым пақырлықпен.
Сөкпеңіз, ay, жамағат, өлеңімді,
Білемін ақыр бір күн өлерімді!
"Сары алтын қап түбінде жайға жатпасаң,
Құрбылар, көрсетейін өнерімді.
Уаларыз фаршынаһа - басқан ізің,
Тықылып үжһік раушан жүзің.
Кеудең бар: ләм нашрихлік сүрік,
Қос анар жүйке құртқан екі бізің.
Фірухурихан (дарқан) мұрындарың,
Улатмидин ғисың болған көзің.
Сықылды биазы ал нұр ақша бетің,
Каал жауһар жіпке тізген мағына сөзің.
Беріпті көрік нығыметін аямай-ақ,
Құдайға жаққан құлсың сенің өзің.
Дүние-ай, заманымда болып тұрсың,
Қылмас ем көзге сүрме басқан ізің.
Уалтин уалызитун - сенің басың,
Уаллил зайғыш сүмбіл (сінбіл) шашың.
Айдай боп он төртінші көрінесің,
Туған ай бір жаңадан қиғаш қасың.
Алланың Калам Шариф аятынан,
Келтірдім осылайша сөздің нәшін.
Замандас құрбыларым естісін деп,
Құранның қылдым баян мағынасын.
Бар болса қате жері, айып етпе,
Ағалар, сынап мені не қыласың?!
Мен жаздым үшбу сөзді перизатқа,
Сипатын тағайындап жазып хатқа.
Алтын үй: су (сүр) шыныдан терезесі,
Есігі кіріп-шығар алтын қақпа.
Көйлегі жасыл атлас жүз теңгелік,
Камзолы бес жүз теңге бар хисапқа,
Оқалы кебіс мәсі алпыс сомдық,
Жарасар кәмшат бөрік шаһизатқа.
Ішігің бір мың теңге пат құндыздан,
Тыстаған алтын арқау ұнамаққа.
Сыртынан нұр сипатын көріп тұрсаң,
Бозбала, жарамай ма қанағатқа?!
Гүл жүзді (иүзлі),шырын сөзді (сөзлі), ай, қарағым,
Айтамын осылайша жамағатқа.
Ай, қалқа,алма мойын, ақық (ғақық) иек,
Қыпша бел, мәрмәр аяқ, алтын сүйек.
Інжу тіс, қымырғыпхып, шекер ліблік,
Сөйледім: тілім - тақтай, тісім - тиек.
Сөйлесем сайрап, бұлбұл, қарағыма,
Қиғаш қас,өрік (дірмік)-нон қабағыңа.
Аққудай айдын көлге қанат салған,
Ұнасқан гауһар бұғақ сағағыңа.
Шырағым, мен алысқа кеткен шақта,
Бойыңа ішкен асың тарады ма?!
Сағымша сәулеленген сәру бойлым,
Мақтауым, айт, көңіліңе жарады ма?
Мен жаздым осы сөзді перизатқа,
Жақсыны кім қияды бөтен жатқа?!
Аршын төс, алма мойын, ай, ділбірім,
Зейініңді (зыһынды)салып тыңда үшбу хатқа.
Сен мені басқамен тең көремісің,
Мен бастасам, соңымнан еремісің?!
Егер де жұрттың бәрі бір жақ болса,
Бірігіп меніменен жүремісің?!
Көңілді бүтін ұста, ала болма!
Анық бол - тағайынды, шала болма!
Тұрып қал не болса дабір сөзбенен
Біреудің тіліне еріп, бала болма!
Қалқаны менің көңілім сағынғандай,
Емеспін осы сөзден жаңылғандай.
Жақсылықтың Құдай берген арқасында
Іздесем: "Аты қызң,- деп, табылғандай.
Анадан кім туады сендей болып,
Жап-жарық екі бетің күндей болып.
Әрине, саған-дағы табылады,
Муафиқ дәл табылмас мендей болып.
Бозбала мынадай да дүкен құрсын ,
Білмеген жігіт жайынқыздар құрысын!
Азырақ алдыңызға бәйіт айтып,
Аз ғана қандырайын құлақ құршын.
Сөйлейін Ай форымды асыл текті,
Жамандар өз жайына былай (бұлай) тұрсын.
Жақсының күннен (күнден)-күнге артып бағы,
Жаманды жөн білмеген Құдай ұрсын!
"Уаң лығылы халықхығым"-
Мінезің бүл аятқа тұғыр болсын!
Сөйлейін: бек ләззатлы лебіз (лыфыз) көріп (ғарыб),
Ағалар, көңіліңізге тура қонсын!
Туралап сізге айтуға бата алмаймын,
Мойныңа артып қойдым сөздің борышын?!
Жиылып, қыз-бозбала, ойна да күл,
Қапалы (хапалы) кәріптердің (ғарыблардың) көңілі толсын!
һуахи әлмід бірбір, Құдайым,
Ғашықтық (ғашықлык) жүрегіме салды уайым!
Аятын "Қүлһу Аллаң қылып далил,
Көңілімде біліп жүрмін хақ не дайым.
Кә-алтир қыздағы шіркін жаным,
Орнықпас бұ жалғанға көңілім жарым.
Қапалы болып жүрген мен бір кәріп,
Қосылмай көк жүзінде(иүзінде) Күн мен Айым.
Қалқаға әуел биыл қағаз жазып (иазып),
Барамын азып-жүдеп күн-күн сайын.
Бар Құдай мақсатыма (мықсұдыма) жеткізбесе,
Баянсыз (файансыз) бұ дүниені не қылайын?!
Жаратты қыс пен жазды төртке фасыл (фәсіл),
Заманым түрленесің қызыл-жасыл!
Жігітлер, күр тірілік неге керек,
Жалғанда болмай кетсе мақсат хасыл?!
Болғанда қыздар лашын, мен - бидайық,
Ай, дүние-ай, қыз - дария, мен - желқайық.
Болғанда сен - гауһар тас,мен - асыл тас,
Қоспады екеумізді, не қылайық?!
Сен алма бақшадағы, мен бұлбұл кұс,
Қасында мекен қылдым биылғы қыс.
Құдай-ау,жақсылармен жанастырғыл,
Қылмағыл аяқ жақта кіріс-қоңыс!
Шығады сөз мәнісі жақсы жайдан,
Келтірдім мен дәлилді (улилді) әлдеқайдан.
Қондырып сусыныңды сөзімменен,
Ағалар, өлеңменен тисін пайдам!
Сұранып құрбыларым отырғанда,
Айтқаным жарамайды "Әри-ай"-дан!
Бастасын жақсылыққа Құдай бізді,
Жігітке бір мереке келген кезді.
Әлеумет,алдыңызға кез келген соң,
Сөйлейін қызды мақтап біраз сөзді!
Қара өлең қарапайым әркім сөйлер,
Жақсы адам әділ тұрса, халқын билер.
Көңіліңе аят пенен далил салсам,
Мағынасын білген адам күйін күйлер.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі