Өлең, жыр, ақындар

Жол үстінде

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3339
Қыран бізді көтеріп биіктеді,
Бұлт ішінде ойнаған киік пе еді.
Бөлендім кең даламда бір рахатқа,
Салқын лепті самалың сүйіп тегі.
Алдымнан қыр көтеріп шықты гүлін,
Шалқиды көңіл ғажап тіпті бүгін.
Үстінен ақ бұлттарды лақтырады,
Көрсетіп күз — алыптар мықтылығын.
Артымызда қап жатыр шаңдақ белең,
Қиял алыс, ақ күспен самғап келем.
Күбір-күбір ішімнен сыр толғаймын.
Шабыт келсе қонысты тандап па өлең.
Балқаш жатыр сырласып даласымен,
Құшағыма сан қысып алатын ем,
Қиқулаған шағала сабап өтті
Жал-жал әппақ толқынның қанатымен.
Көзінен қыраттардың сағым ұшты,
Шертеді бір ғажайып сағынышты.
Сезді ме әдейі аңсап келгенімді,
Кеудемді кең даланың әні құшты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн даланы тербетіп

  • 0
  • 0

Әлдилейді түн даланы тербетіп,
Анау тұрған дала ғажап желдетіп.
Дала жазық далада қыр, жыра бар,
Мінездер бар сол сияқты кем-кетік.

Толық

Қашқын

  • 0
  • 0

Қайрымсыз уақыт еді ол қауіп төккен,
Жаңбырдай ажал бұлты жауып көктен,
Күн туып ел басына аштық,
Жоқтық,

Толық

Кешіккен көктем

  • 0
  • 0

Білмеймін, кімнен сонда қызғандым мен,
Әлде анау аспандағы қызған күннен.
Әлде анау тана көл ме толықсыған,
Әлде анау сықылықтап қыздан күлген.

Толық