Бұл бетте «Маңырақ» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымды бір көргеннен жадыратқан,
Жер бар ма, шіркін, өтер Маңырақтан.
Бір кезде осы ауылда, осы маңда,
Естай да "Назқоңырын" аңыратқан.
Мөп-мөлдір бұлақтарды-ай жарып аққан,
Әр тұстан үн қатады жамырап маң.
Көгілдір мұнар қалқып тау төсінде,
Көк түтін будақтайды шаңырақтан.
Бұл маңға келсең жанға жырақ,
Сан құбылып, тұрғандай өзгеріп-ақ.
Асан қайғы сүйсініп айтқан екен,
"Кетермеді желмаяға өңгеріп ап".
Көк сағымның ішінде тербелемін,
Сұлу тауға таңданып мен келемін,
Бетіне торғын мұнар бүркеп алып,
Ұйықтап жатқан аруға теңгеремін.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі