Бабаларым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2132
Бұл бабам су кешіпті, от кешіпті,
Бір өзі қиындықпен беттесіпті.
Қайсарлығын содан-ақ көрмейсің бе,
Денесінен қылыш пенен ет кесіпті.
Жүйрікпен, тұлпарменен жосылыпты,
Дүбірлетіп даланы жасыл түкті.
Білемін мен айтпай-ақ бар мінезін,
Жасырғанмен қаншама ғасыр тіпті.
Батыр екен жау көрсе тұралмаған,
(Ер болып па, бүркіттей бүре алмаған).
Ән қалықтап ұзақ таң қой шетінде,
Күй төгіліп тасыпты мың арнадан.
Киіз үймен отырып кәрінде ақпан,
Қулық емес бұл бабам малын баққан.
Ән мен зарға құндақтап кең даласын,
Игерілмей бойында дарын жатқан.
Жол да қашық, шұбалаң дала қашық,
Жел толқындар ат жалын ала қашып.
Бірде оны, бірде ол алып соғып,
Өтіпті той өмірмен жағаласып.
Бұл бабам азап көрген, қызық көрген,
Бір "тәубе" бәріне де төзіп берген.
Сол бабалар тұрғандай қарап маған,
Қырандай шындар үстін кезіп келген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бабаларым өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Бабаларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бабаларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бабаларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері