Өмір құшып, от құшып
Бұл бетте «Өмір құшып, от құшып» атты Марфуға Айтқожина жазған өмір туралы өлең берілген.
Күйші қарт безілдетті домбырасын,
Бөлмеге күй сермеді күй құлашын.
Ақын сен де төгіп өт нөсеріңді,
Болсаң да қанша жүйрік болдырасың.
Өтесің сен өмірді сүйіп дәйім,
Демейсің дем алайын, ұйықтайын.
Сыр құяр жүрегіңе сыбдыр-сыбдыр,
Әппақ ару денесін иіп қайың.
Құйып күннің кеудеңе шұғыласын,
Жүзің алау тең болып құбыласың.
Қайысса да қабырғаң шыдайсың сен,
Өмірдің арқалатқан жүгі басым.
Ауырлықты жүрегіңмен сезінесің,
Өзі қарау, сенбейді сөзіңе шын.
Аңқау, адал опық жеп мінезіңнен,
Өмір құшып, от құшып көз ілесің..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі