Басыма менің, бақ, қондың – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Басыма менің, бақ, қондың» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 22774
Орынсыз ойнап, күлгенде,
Опық жеп талай жүргенде,
Басыма менің, Бақ, қондың,
Байқаусыз шақта, бірдемде
Боларын бұлай білгем бе?!
Іздесем, рас, іздедім,
Елімнің кезіп түздерін,
Теңіздерін де жүзгемін.
Жабықтырып та кететін,
Жаздарым, талай күздерім.
Көрдің бе соқпақ даладан?
Сол менің сандал іздерім.
Бағым ба деп те қарағым,
Тырналардың да тізбегін,
Қалдырып содан санадан
Біржола үміт үзгемін.
Ақыры, мына, Бақ қондың,
Баянсыз емес нақ қондың.
Қастарымменен қақ бөлдім.
Достарым, бірақ жоқ болдың
Жалғыздық деген құрғырға
Бақ қонды-дағы тап болдым...
Бақыт-оу, бақыт, ерекеің!
Дүниеге тегіс сені ексін.
Тірлікке мынау қорексің,
Жалғыздық деген құрғырға
Несіне, жаным, керексің?!
Қонбай-ақ қойшы, қор өтсін!!!


Пікірлер (5)

Зейнеп

Маган М.Макатаевтын олендери катты унайды.Олендери терен магынада жатыр.

Жазира

Мен бала күнімнен Мұқағалиді сүйіп оқимын. Оның өлеңдері кейде маған күш беретіндей.

Қалима

Өте керемет

Айнур. И.

М. Мақатаев өлеңдері мағыналы керемеет. Көптен күткен бағым басыма қонғанда, құдды Менің өмірімдей.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басыма менің, бақ, қондың өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Басыма менің, бақ, қондың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басыма менің, бақ, қондың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басыма менің, бақ, қондың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері