Айтшы неден – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Айтшы неден» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2082
Айтшы неден көңіліңді қалдырдым,
Айтшы неден үмітіңді талдырдым.
Айтшы неге тұтандырып бір отты,
Неге осынша жандырдың.
Айтшы алдында нәзіктіктен бездім бе,
Айтшы оқыс мінезімді сездің бе.
Айтшы неден көңіліңді қалдырдым,
Сенсіз түнді кездім бе.
Мен өмірден жараланған киік ем,
Мен үшін сен қыран шалмас биік ең.
Мен үшін сен ағыннан да тұнық ең,
Сондықтан да сүйіп ем.
Жүдесем де бір сен үшін жүдедім,
Көктем болып гүл аттым да түледім.
Қайда жүрсең сау болғай деп тіледім,
Айтшы, өзің кім едің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері