Бұл бетте «Жалын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
14.08.2018
0
0
1943
Кетесің күнде ертемен,
Келесің ұдай кештетіп.
Жалыныңнан өртенем,
Жанарыңнан ес кетіп.
Қара көзі қалың өрт,
Өртке қалай төзермін.
Әрі ынтығу, әрі дерт,
Айтшы қалай безермін.
Ажарың алау, нұр жаның,
Көңілің шалқар көл ерен.
Болмаса сенде бір жалын,
Күл болып мен де сөнер ем.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі