Ән шарбаты

Бұл бетте «Ән шарбаты» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2707
1
Отыр, достым, жыр жазайық,
Ән төгіп бір көмейден.
Қара шашың мүлде азайып,
Ақ талдары көбейген.
Отыр, достым, асықпалық,
Ән шарбатын ішейік.
Сендік көңіл тасып барып,
Соққан дауыл күшейіп.
Айтшы, достым, айтшы тіптен,
Әсем саздың лирикасын.
Кеудедегі қасірет біткен,
Күл-талқан боп қирасын.
2
Шөліркесіп ішкен бал бұлақ,
Бейне бір тәтті шырындай.
Құмартқан жаным балбырап,
Қалған да емес жылынбай.
Жолдар да жатыр бұралып,
Асу бермес белестер.
Көз алдымда тұр анық,
Сол бір ғажап елестер.
Жадымнан шықпай қалған-ды,
Сенің жарқын кескінің.
Арман болып жалғанды,
Әніңді қайта естідім.
Кейде-кейде толқын бетінен,
Көшеді сол бір нәзік ән.
Шертші, шертші өтінем,
Қайда, әлгі сырлы домбыраң.
Достар, қайда жүрсіңдер құшақтасқан,
Қара көзге жаудырап ұқсапты аспан.
Мына менің жанымда жоқ тыныштық,
Белгісіз бір сезімнің күші ап қашқан.
Гүлдер, қайда кеттіңдер дөңгеленген,
Теруші ек іздеп барып дөң-белеңнен.
Кетіпсің-ау алыстап аққу шағым,
Қиқуыңа мөп-мөлдір көл бөленген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән шарбаты өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Ән шарбаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән шарбаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән шарбаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері