Өмір соқпағы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өмір соқпағы» атты Марфуға Айтқожина жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3528
Өмір деген емес ол атты кісі,
Толып жатыр бүкпесі, қақтығысы.
Қыз мінезді кейде бір сұлу көктем,
Келеді екен кейде оның қатты қысы.
Кейде жанға тырнағын батырады,
Кейде әлдилеп алдына отырады.
Әр мінезі ағартып тал шашымды,
Алда қанша соқпағы жатыр әлі?..
Алысып келем талай қысыменен,
Жатады кейде басым күші менен.
Жориды жығылдыға сүрінсем де,
Кейбіреулер жанымды түсінбеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері