Беу, Алматым — астанам – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Беу, Алматым — астанам» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4364
Беу, Алматым — астанам!
Мен гүліңмін, қиындықтан қашпаған.
Жазымсың ғой, жарықтығым, жаннатым,
Қысың бар ма, кірпігімнен жасқаған.
Еркелікті мен өзіңде тастағам,
Есеюді тек өзіңнен бастағам.
Тірлігімде айтшы неден жасқанам,
Ұйықтап кетсем,
Шыңдарыңды жастанам.
Ерте кетіп, кейде аңсап кеш келем,
Тұнығыңмын дауыл айдап көшпеген.
Көрем сенен маздап жанған оттарды,
Бейне менің —
Ақ жалыным өшпеген!
Қымбатсың-ау, жастығымдай қимаған,
Айлы кештер,
Махаббатын сыйлаған.
Тасқын болып,
Тулап өтем төсіңде,
Сен бе маған өрлігіңді қимаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері