Қиындықтар кешсем мен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қиындықтар кешсем мен» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1706
Мен кеттім, ел ұйқыда, ояу дала,
Тұрған есіп қоңыр жел баяу ғана.
"Ортамызға келді деп, бір ақын қыз",
Жылы сөзбен қарсы алдың, аяулы аға.
Тұрды алдымда бір арман ашық маңдай,
Сол бір сөз қыз көңілін тасытқандай.
Кететін жүрегімнің отын үрлеп,
Жүрсем-дағы кей кездер жасыл қандай.
Жылдар озды уақытты ұрлады да,
Жүрмін мен де өлеңнің нұр бағында.
Қиындықтар кешкенде сүріндірмей
Қолтығымнан сүйеп сол тұрмады ма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері